Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар Халықаралық қоғамдастық Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады 2024 жылғы   🇰🇿🇮🇳 Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады<a href="https://t.
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады
Yayın: 11 Haziran 2024 Bugün, KÜLTÜR SANAT Google News

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.

– Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін. Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген, – деп жазылған жеделхатта.

 

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-undistannyn-premer-ministri-narendra-modige-kuttyktau-zhedelhatyn-zholdady-1053838

 

Son Güncelleme: 11 Haziran 2024